417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузиялық өнерпаздар Абай әнін қазақша айтты

  • 706
  • UPD: 23:14, 13.01.2020

Грузия музыканттары ұлы Абай әнін қазақ тілінде орындады. Нағыз  поэзия аударманы да қажет етпейді, ол махаббатқа арналған әндер. Сол себептен музыканттардың түсірген бейнебаяны көптің көңілінен шықты.

Музыканың әуезділігі, поэзияның сыршылдығы мен сұлулығында шекара болмайды. Ол тұла бойыңды тебірентіп, толғантып әкететіні хақ. Әсіресе грузиндердің көп дауыспен орындайтын қазақ тіліндегі әндері соның айқын дәлелі. 

Бұл ән Абай Құнанбайұлының сөзіне жазылған. Грузиндердің дәл осы туындыны таңдауы да сондықтан. Олар ұлы тұлғаның өмірлік ұстанымы Грузияның қоғам қайраткерімен үндес келеді дейді. 

Давид Дваладзе, «Geo Folk Tour» музыкалық жобасының негізін құрушы:

- Абай Құнанбайұлы 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлы тұлға, дара ақын әрі қоғам қайраткері. Оны сол дәуірде өмір сұрген ұлы грузин ақыны  Илья Чавчавадземен салыстуға болады. Бұл Ресей империясы құрамына кірген халықтарда ұлттық сана-сезімінің өркендеу дәуірі болатын. 

Музыканттар қазақ тіліндегі әнді жай ғана айтып қана қоймай, оның ұлттық бояуын сақтай отырып, грузин халқына тән көп дауыспен шырқады. 

Музыканттардың айтуынша, Абай мен Чавчавадзенің екеуі де романтик болған. Сол үшін де қазақтың махаббат жайлы әндері гүржі елінің жүрегіне өте жақын болса керек. 

Георгий Церцвадзе, «Geo Folk Tour» музыкалық жобасының вокалисі:

- Топ бұл әнді өте жақсы орындап шықты деп санаймын. Әрине қазақ тіліндегі сөздерді айту жағынан қиындықтар болғаны рас. Ал ән сөзінің авторына келер болсақ, оны данышпан дер едім. Себебі барлық шығармасы өте керемет әрі жанға жағымды. 

Жалпы «Geo Folk Tour» жобасының құрылғына биыл 9 жыл. Осы уақыт ішінде музыканттар бірнеше елден өз тыңдармандарын тапқан. Соның ішінде Қазақстан да бар. Енді өнер майталмандары жақында өз репертуарларына қазақ әндерін қоспақ ниетте екен.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы