376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадалық мамандар Тегерандағы ұшақ апатын тергеуге қатысады

  • 311
  • UPD: 10:15, 14.01.2020
Канадалық мамандар Тегерандағы ұшақ апатын тергеуге қатысады

Канаданың 10 дипломаты мен көлік қауіпсіздігі кеңесінің 2 маманы Тегерандағы ұшақ апатын тексеруге қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иран тарапы олардың бәріне виза берді. Бұл туралы Канада Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампань хабарлады. Оның айтуынша, бұл оперативті топ ұшақ апатын тергеумен бірге қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету ісімен де айналысады.

Еске сала кетейік, қаңтардың 8-і күні «Украина әуе жолдары» компаниясына тиесілі «Боинг 737» ұшағы Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырады. Әуе көлігіндегі 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің бәрі қаза тапты. Апаттан қайтыс болғандардың көбі – Иран мен Канада азаматтары.

Хабар 24 телеарнасы