377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда қауіпті вирустан екі бала көз жұмды

  • 266
  • UPD: 15:36, 16.01.2020

Түркияның Ыстамбұл қаласында қауіпті вирустан екі және төрт жасар бала жан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, олардың өліміне доңыз тұмауы себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты елдің Денсаулық министрлігі шұғыл тексеру бастады. Жалпы елде қазір тұмаудың эпидемологиялық маусымы. Осы себепті, аурухана есігін қағып келген науқастардың қарасы қалың. Мамандар эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтып, бұл дертке байланысты дәрі-дәрмек қорының да жеткілікті екенін жариялады.

Санжар Эминоғлұ, педиатр-кардиолог:

Қазір елімізде тұмау, яғни, инфлюэнца атты вирустар өршіп тұр. Сондықтан азаматтарымызды қоғамдық жерлерден қашық болып, гигиеналық жағдайға жіті көңіл бөлулеріне кеңес береміз. Сондай-ақ дене температурасы 38-ден жоғары болған жағдайда, шұғыл дәрігерге көрінулері қажет. Науқастар антибиотик ішсек, тұмаудан тез жазылып кетеміз деп ойлайды. Алайда, антибиотик вирустық инфекцияларға емес, бактериологиялық инфекцияларға қарсы қолданылады.

Гүлай Кылыч, жұқпалы аурулар дәрігері:

Елімізде денсаулық және әскери сала қызметкерлеріне ақысыз тұмауға қарсы екпе салынды. Өйткені бұл қызметкерлер қоғаммен тікелей байланыста. Сондай-ақ 6 жастан төмен және 65 жастан жоғары азаматтарымызға екпе жасатуды кеңес береміз. Себебі, осы жастағы кісілер бұл ауруды көбінесе көтере алмай жатады. Салдары да ауыр болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы