375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ сенаты Трампқа қатысты импичмент процесін бастады

  • 303
  • UPD: 08:36, 17.01.2020
АҚШ сенаты Трампқа қатысты импичмент процесін бастады

АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы Дональд Трампқа қатысты импичмент процесін ресми түрде қарастыруды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді сенаторлар импичментке қатысты алғашқы отырысын қаңтардың 21-і күні өткізетін болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Сенат Трампқа тағылған айыптардың нақты баптарын жариялады. Оған сәйкес Ақ үй басшысына өз лауазымын асыра пайдаланды және Конгрестің тергеу жұмысына кедергі жасады деген айып тағылды.

Айта кетейік, жуырда Трампқа қарсы импичмент Сенатта дауысқа салынып, бекітілген болатын. Өкілдер палатасы президент Трампты айыптайтын конгресмендердің құрамын да бекітті.

Хабар 24 телеарнасы