420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы атыс адам өліміне алып келді

  • 504
  • UPD: 13:29, 23.01.2020
АҚШ-тағы атыс адам өліміне алып келді

Вашингтон штатындағы Сиэтлда атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір адам қаза тауып, бес тұрғын жарақаттанған. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Күдіктіні полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр. Оқиға Пайк-плейс базарының маңында болған. Қаланың орталығы саналатын ауданда Амазонның штаб-пәтері мен Старбакс кофеханасы бар. Туристер өте көп жүретін өңір саналады. Куәгерлер тоғыз рет атыстың дауысын естігендерін айтады. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, жарақаттанған 9 бен 55 жас аралығындағы азаматтар ауруханаға жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы