448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда «Глория» дауылынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

  • 185
  • UPD: 14:11, 24.01.2020
Испанияда «Глория» дауылынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

Испанияда қолайсыз күн райынан қаза тапқандардың саны 13-ке жетті. Тағы төрт адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.

Еске сала кетейік, өңірде 19 қаңтар күні Глория дауылы соққан еді. Салдарынан Испанияның бірқатар ауданында қар мен жауын жауып, қатты дауыл соқты.Желдің жылдамдығы сағатына 133 шақырымға дейін жеткен. Толқын биіктігі болса 14 метрді құрады. 

Мальорка шипажайын толқынның қаттылығынан туындаған теңіз көбіршіктері басып қалды. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жағажайда қырылып жатқан балықтардың видеосы тарауда. Каталонияда шаршы метрге 100 литрді құрайтын жауын түсті. 27 испандық елді мекенде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. 220 мыңдай адам жарықсыз қалған. Үкімет басшысы Педро Санчес апаттан зардап шеккен өңірлерді аралап, қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы