379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Патшайым Елизавета Brexit туралы шартқа қол қойды

  • 164
  • UPD: 14:43, 24.01.2020

Ұлыбритания патшайымы Елизавета екінші Еуроодақтан шығу туралы келісім-шартқа қол қойды.

Осылайша Біріккен Корольдіктің ұйымнан шығуы ресми түрде бекітілді. Құжатты бірер күн бұрын парламенттің қос палатасы қабылдаған болатын. Еске сала кетейік, Ұлыбританияда 2016 жылы Еуроодақтан шығу туралы референдум өтіп, «брекситті» қолдаушылар жеңіске жеткен. Алайда британ парламенті Тереза Мэй үкіметінің Одақтан шығу туралы келісімін бірнеше рет кері қайтарып, дағдарыс туып, ол отставкаға кетті. Осыдан кейін билік басына Борис Джонсон келіп тараптар тығырықтан шығудың жолын тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы