377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда медициналық бетпердеге сұраныс жоғары

  • 182
  • UPD: 12:59, 25.01.2020
Қытайда медициналық бетпердеге сұраныс жоғары

Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты медициналық бетпердеге сұраныс артып, дәріханаларда ұзын-сонар кезек пайда болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауаның ластануы кесірінен бұл тауарға бұған дейін де сұраныс жоғары болған. Енді жағдай тіпті ушықты.

Айта кеткен жөн, вирустың тез таралуынан Шанхай мен ел астанасы Бейжіңде мұражай, театр мен туристік нысандар жұмысын тоқтатты. Індет алғаш тіркелген Ухань қаласында тіпті қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мейрамханалар мен кинотеатрлар жұмыс істемейді. Мұнда қазір арнайы аурухана құрылысы басталып та кетті. Билік оны 6 күн ішінде тұрғызбақ. 1 мың науқасқа арналған мекеме медициналық ресурстар тапшылығы мәселесін шешуі тиіс. Билік «оған көп қаржы кетпейді», дейді. Өйткені емхана дайын блоктардан салынады. Жалпы соңғы мәлімет бойынша індетті жұқтырғандардың саны 1287 адамға жетті. 41 азамат көз жұмған. Ауруды жұқтыру дерегі Қытайдан бөлек, Таиланд, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ пен Вьетнамда да тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы