376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда пайда болған коронавирус әлемнің 13 елінде тіркелді

  • 582
  • UPD: 15:22, 26.01.2020
Қытайда пайда болған коронавирус әлемнің 13 елінде тіркелді Фокус

Қытайда пайда болған вирус құрбандарының саны күн өткен сайын артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша бүгінде індеттен қаза тапқандардың саны 56-ға жетіп отыр. Олардың 13-і Ухань қаласында көз жұмыпты. Мұндай мәліметті жергілікті билік өкілдері жариялады. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 2000-нан асқан. Олардың 300-і ауыр халде. Бұдан бөлек, 20 мыңдай адамның медициналық бақылауда екені белгілі болды. Жалпы бұл дерт күннен күнге өршіп барады. Бүгінге дейін қауіпті вирус әлемнің 13 елінде тіркеліп отыр. Күні кеше ғана Австралияда алғаш рет осы індетті жұқтыру дерегі тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы