375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея үкіметі Уханьнан 367 азаматын елге қайтарды

  • 150
  • UPD: 10:13, 31.01.2020
Оңтүстік Корея үкіметі Уханьнан 367 азаматын елге қайтарды

Оңтүстік Корея үкіметі өз азаматтарын Қытайдың Ухань қаласынан қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таң ата Сеулдің Кимпо әуежайына чартерлік рейспен 367 адам жеткізілді. Тізімдегі бір азамат қалып қойды, себебі одан індет ізі байқалған. Оралғандар енді екі апта бойы карантинде болады, өйткені корнавирус белгілері он төрт күн ішінде байқалуы мүмкін. Қазір Оңтүстік Кореяда індет жұқтырды деген жетінші жағдай тіркелді. Кореялық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, 28 жастағы ер адам науқасқа шалдыққан. Ол Уханнан үйге 23 қаңтарда оралыпты.

Бірақ ол кезде вирустың белгілері болмаған. Тек үш күннен кейін тұмау белгілері мен жоғары температурасы анықталды. Оңтүстік Кореяда короновирустың адамнан адамға жұғуы дерегі тіркелді. Дәрігерлер 56 жастағы ер адам Сеул мейрамханасында түскі астан кейін жұқтырды деп болжайды. Дәл сол уақытта Ухань коронавирусын жұқтырған кісі түстенген. Елге енді әкелінген 367 адамның барлығы елордадан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Асан және Чинчон қалаларында арнайы дайындалған екі емханада орналасты. Оған жергілікті тұрғындар наразылық білдірді. Жағдайды түсіндіруге келген үкімет делегациясына жұмыртқа лақтырған. Оңтүстік Корея 700-ге жуық азаматын эвакуациялау жоспарлапты, бірақ Қытайда әзірге тек бір рейсті қабылдауға ғана келісті.

Ли Тэ Хо, Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі:

Әзірге бізде тек бір рейске рұқсат бар, бірақ қалған бір немесе екі рейс үшін нақты жауаптар жоқ. Біз бұл мәселені қытайлық әріптестерімізбен үнемі талқылап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы