376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде ереуіл кезінде бір адам мерт болып, 124 тұрғын қамалды

  • 82
  • UPD: 15:42, 01.02.2020
Чилиде ереуіл кезінде бір адам мерт болып, 124 тұрғын қамалды ria.ru

Чилиде халықтың жаппай ереуілі қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір адам мерт болды. Ондаған адам жарақат алды. Олардың нақты саны анықталған жоқ. Тағы 124 адам қамауға алынды. Тәртіпсіздіктер полиция көлігінің Кола-Кола футбол клубының жанкүйерін соғып кеткеннен кейін басталды. Ашуға бой алдырғандар 5 автокөлікті өртеп, бірнеше дүкенді қиратқан. Оннан астам полиция учаскесіне шабуыл жасалды. Жалпы Чилиде толқулар өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Оған аймақтағы экономикалық дағдарыс пен жолақының өсуі себеп болды. Ел үкіметі бұл шешімнен бас тартқанымен, тұрғындар тыныштық таппады. Чилиліктер денсаулық сақтау мен білім салаларында және зейнетақы жүйесіне де реформа өткізуді талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы