430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания Еуроодақтан шықты

  • 933
  • UPD: 16:05, 01.02.2020
Ұлыбритания Еуроодақтан шықты © REUTERS

Ұлыбритания 47 жылдан соң Еуроодақтан ресми түрде шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәл 31 қаңтарда 23.00-де (1 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 05.00), үш жарым жылдан соң, британиялықтардың 51,89%-і Brexit үшін дауыс беріп, Біріккен Корольдік ЕО-дан шықты.

2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өтпелі кезең аяқталғанша ешқандай нақты өзгерістер болмайды. Жыл бойы ЕО мен Ұлыбритания өзара болашақ қарым-қатынастары туралы келіссөздер жүргізеді. Премьер-министр Борис Джонсон еркін сауда туралы «амбициялық» келісімге қол жеткізу, сондай-ақ бірқатар салаларда, ең алдымен қауіпсіздік пен барлау саласында тығыз ынтымақтастықты сақтау туралы уағдаласу ниетін мәлімдеді.

Ал Ұлыбритания мен ЕО арасындағы келіссөздер сәтсіз болған жағдайда, елде Brexit-тің тиімсіз болжамдары орындалуы мүмкін: ДСҰ тарифтерін енгізу, бағалардың күрт өсуі, шекарадағы жүк көліктерінің кезегі, дәрі-дәрмектер мен Еуропалық өнімдердің тапшылығы. Қазіргі уақытта Ұлыбритания мен ЕО келіссөздерге дайын екені байқалады.

Құрама Корольдікке биыл өзінің жаңа иммиграциялық саясатын пысықтап, ЕО-ға кірмейтін елдермен сауда келіссөздерін бастау қажет. Үкімет бұған дейін үш жыл ішінде сауда айналымының 80%-і еркін сауда туралы келісіммен аяқталады деп есептейтінін хабарлаған.

Хабар 24 телеарнасы