443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда босып кеткен халықтың сексен проценті балалар мен әйелдер

  • 197
  • UPD: 10:58, 05.02.2020
Сирияда босып кеткен халықтың сексен проценті балалар мен әйелдер

Соңғы екі ай ішінде Сирияның солтүстік-батысындағы жарты миллионнан астам тұрғын үй-жайын тастап, өзге өңірге босып кеткен.

Олардың шамамен 80 проценті балалар мен әйелдер. Бұл туралы БҰҰ өкілдері хабарлайды. Жағдайдың ушығуына аймақта өткен жылдың соңында атыс-шабыстың қайта жандануы кесірін тигізген. Үкімет әскері осылайша қарулы көтерілісшілердің уысындағы өңірлерді өз бақылуына алмақшы. Алайда бірқатар Батыс елдері «әскери іс-қимылдар салдарынан гуманитарлық дағдарыс туындауы мүмкін» деп қауіптенуде. Таяуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Сирияның солтүстік-батысындағы адамдардың өмір сүру жағдайының нашарлап кеткенін мәлімдеген. Соның кесірінен түрлі аурулардың таралу қаупі жоғары екенін ескертті.   

Дженс Лаерке, БҰҰ Гуманитарлық сұрақтарды үйлестіру жөніндегі басқармасының өкілі:

- 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 520 мыңнан аса адам үйлерін тастап, босып кеткен. Олар өздерімен киім-кешегін ғана алып үлгерген. Қазір бұл сириялықтарға баспана, су, азық-түлік,  медициналық көмек, білім, қорғаныс қажет. Одан бөлек тағы 280 мың адамға қоныс аудару қаупі төніп тұр.

Дженифер Фентон, БҰҰ өкілі:

- Біз атыс-шабыстың кесірінен инфрақұрылым нысандары, соның ішінде медициналық мекемелер талқандалуда деген ақпарат алып жатырмыз. Әскери операциялар халықаралық гуманитарлық заңдарды бұзбауы керек.

Хабар 24 телеарнасы