425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда қар көшкіні бес адамның өмірін қиды

  • 524
  • UPD: 16:22, 05.02.2020
Түркияда қар көшкіні бес адамның өмірін қиды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ван провинциясында қар көшкіні жүрді. Одан кем дегенде 5 адам ажал құшып, тағы 7-еуі зардап шеккен.

Бұл туралы Anadolu со жергілікті билікке сілтеме жасай отырып жазды.

Агенттіктің хабарлауынша, қалың қар жиынтығы Бахчесарай ауданында жолда кетіп бара жатқан шағын автобусты басып қалған. Губернатордың мәлімдеуінше, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Өйткені, үйінді астында 2 адам қалып қоюы мүмкін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы