376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай коронавирусты тексеретін робот жасап шығармақ

  • 144
  • UPD: 16:37, 06.02.2020
Қытай коронавирусты тексеретін робот жасап шығармақ

Қытайда медицина қызметкерлерінің орнына коронавирус жұқтыру қаупі бар науқастарды тексеретін робот құрастыру жұмыстары басталды.

Бұл туралы korrespondent.net Синхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл өнертабысты Siasun Robot and Automation робот жасаушы компаниясы Қытайдың Шэньян автоматтандыру институтымен бірлесіп жасамақ.

Жобаны жедел іске асыру үшін роботты құрастыруға институттың әртүрлі бөлімдерінің мамандары жұмылдырылды.

Айта кетсек, коронавирусты жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру барысында әдетте пациенттің ауыз қуысынан сараптама жинау үшін тампон қолданылады. Сондықтан медбикелердің вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы