443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңсыз қару-жарақ айналымынан әлемге қауіп төніп тұр

  • 249
  • UPD: 23:29, 09.02.2020
Заңсыз қару-жарақ айналымынан әлемге қауіп төніп тұр

БҰҰ-ның қару-жараққа қатысты эмбаргосынан қайран болмай тұр. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысының орынбасары әрі қарусыздандыру мәселелері бойынша жоғарғы өкілі Изуми Накамицу мәлімдеді.

Тапанша, мылтық тіпті автоматтардың бақылаусыз сатылуы әлемге қауіп төндіріп тұр. Қазір дүние жүзінде бір миллиардқа жуыққа қару бар. Оның 75 проценті жекеменшік. Изуми Накамицудің айтуынша, әсіресе жеңіл қару-жарақтың заңсыз айналымы үлкен қатерге айналды. Мұның соңы қарулы қақатығыстар мен терроризмге әкеледі. Накамицу осылай дейді.

Изуми Накамицу, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Шиеленістер кезінде негізінен жеңіл қару-жарақ қолданылады. Осы қару түрлерінің сатылымы бүгінде қатаң бақыланбайды. Бүкіл әлем бойынша 2010 - 2015 жылдар аралығында өлтірілген адамдардың жартысы осындай қарудан қаза тапқан. Жылына бұл қарудан 200 мыңнан аса адам опат болады.

Хабар 24 телеарнасы