432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Сириядағы қарулы оппозицияны қолдап отыр

  • 834
  • UPD: 17:21, 17.02.2020
Түркия Сириядағы қарулы оппозицияны қолдап отыр

Жуырда Сирияның Үкімет әскері 2012 жылдан бері алғаш рет стратегиялық маңызы зор М5 тас жолын өз бақылауына алды. Бұл үкімет әскері үшін үлкен жетістік болды. Мәселен, дәл осы жол арқылы 4 ірі шаһар байланысады. Жалпы, Идлиб провинциясы – Түркия үшін маңызды стратегиялық аймақ.

Қазір Анкара күн сайын өңірге әскери техника жеткізіп, қарулы күштерін күшейтуде. Бұл аздай өңірге АҚШ-та өз әскерін кіргізіп жатыр. Құрама Штаттар 2014 жылдан бері Сирия мен Ирактағы атышулы «Ирак және Ливант террорлық ұйымына» қарсы арнайы операциясын жүргізіп келеді. Күні кеше Ирак аумағынан Шам еліне АҚШ-тың 55 әскери жүк көлігі кірді. Хасаке провинциясына жеткен көліктерде түрлі техника, танктер мен әскери құрал жабдықтар тиелген. Конвой Камышлы елді мекеніне кіре берісінде оқтың астында қалып, көп күттірмей жергілікті тұрғындарға қарымта атыс ашқан. Салдарынан 14 жасар жасөспірім мерт болып, тағы бір тұрғын жарақат алды.

Шам еліндегі соғыс бірнеше  елдер араласқан ірі халықаралық жанжалға ұласты. Әр тараптың өз мүддесі бар. Қазір Башар Асад режимін Ресей  мен Иран қолдап отырса, Түркия аймақтағы оппозицияға дем беріп отыр. Ал АҚШ аймақтағы «Ирак және Левант террорлық ұйымына» қарсы күш қолданып жатыр. Қалай болса да ұрыстың барлығы осы Сирия аумағында жалғасып отыр. Салдарынан бейбіт тұрғын зардап шегуде.

Қазір елде гуманитарлық дағдарыс болды. Қарапайым халық аш құрсақ жүр. БҰҰ болса өңірге азық түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін атыс-шабысты тоқтату керек деп жауласқан тараптарды татуға шақырып әлек.

Хабар 24 телеарнасы