411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы лайнерде екі адам көз жұмды

  • 644
  • UPD: 10:03, 20.02.2020
Жапониядағы лайнерде екі адам көз жұмды

Жапонияда карантинде болған Diamond Princess лайнерінде екі адам коронавирустан көз жұмды.

Науқастар ауруханада болған. Қайтыс болғандардың бірі 80-ге таяған ер адам болса, екіншісі әйел адам, деп хабарлады ria.ru.

Бұл 600-ден астам жолаушысы қауіпті вирусты жұқтырған кемедегі алғашқы өлім жағдайлары болды.

Айта кетсек, кеше кемедегі екі апталық карантин мерзімі аяқталып, 500-ге жуық адам кемеден шығарылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы