Жерге құламас бұрын ұшқыш электржүйесіндегі ақау туралы хабарлап үлгерген.
Техас штатының Коулмен округінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, 3 адам мерт болды. Бұл туралы Abilene Reporter News басылымы хабарлады.
Beechcraft Super King Air B200 бейсенбі таңмен Абилин әуежайына қайтып келе жатқанда радардан жоғалып кеткен. Әуе техникасы құлаған аумақ 3 сағаттан кейін анықталды. Мамандар апат орнына көлікпен жету қиынға соққанын айтады.
Бортта болғандардың бәрі көз жұмды.
Ақпарат көзі: life.ru