414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранның бірнеше аймағында коронавирустан сабақ тоқтатылды

  • 242
  • UPD: 12:24, 23.02.2020
Иранның бірнеше аймағында коронавирустан сабақ тоқтатылды

Иранның бірқатар провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орындарын жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ИРНА-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында екі күнге - жексенбі және дүйсенбі күндері барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын жабу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.

Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешбір мәдени іс-шара болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, алты адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы