431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда соңғы 10 жылда соғыс кесірінен жүз мыңнан аса адам қаза тапқан

  • 167
  • UPD: 14:23, 23.02.2020
Ауғанстанда соңғы 10 жылда соғыс кесірінен жүз мыңнан аса адам қаза тапқан

Соңғы 10 жылда Ауғанстанда шиеленіс кесірінен 100 мыңнан аса адам көз жұмған немесе жарақат алған. Бұл туралы БҰҰ хабарлайды.

Былтыр елде 3403 тұрғын мерт болып, 7 мыңға жуығы жараланған. Десе де бұл сандар 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 процентке аз болып отыр.

Айта кеткен жөн, Ауғанстанда зорлық-зомбылықты азайту тәртібі күшіне енді. Оған жергілікті билік, халықаралық коалиция мен «Талибан» қозғалысының өкілдері қол жеткізген. Тиісті тәртіп бір аптаға жалғаспақ. Осыдан кейін 29 ақпанда АҚШ тарабы тәліптермен жанжалды бейбіт реттеу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Фиона Фрейзер, БҰҰ өкілі:

- Жанжалдасушы тараптар бейбіт тұрғындардың атыс-шабыстан көз жұмуын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдау керек. БҰҰ билік пен Талибан арасындағы 7 күндік келісімді қолдап отыр. Ауғанстанда ақырында оқ ату тоқтатылып, адам шығыны болмаса екен. Бәріміздің арманымыз осы.

Хабар 24 телеарнасы