435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисидегі мұражайда Кеңес Одағында шығарылған көліктердің жиынтығы бар

  • 137
  • UPD: 13:50, 29.02.2020

Тбилисидегі автокөліктер мұражайында Кеңес Одағында шығарылған көліктердің бірегей жиынтығы бар. Мұнда аты аңызға айналған автомобильдер мен тарихи тұлғалардың иелігінде болған машиналар сақталған. Кавказ өңіріндегі осындай жалғыз музей кәсіпкер Георгий Мамулашвилидің жекеменшік коллекциясы негізінде құрылған болатын. Коллекционер жиырма жылдан аса сирек көліктерді жинап, оларды қалпына келтірумен айналысты.  

Көрмеде баршаға танымал «Победа», «Чайка», «Волга»,  «Жигули», «Запорожец» және «Москвич» көліктері бар. Ашылғанына бес жыл өткен мұражайда 40-тан астам машина мен бірнеше мотоцикл сақталған. 

Реваз Чеишвили, көлік мұражайының директоры:

- Бұл біздің тарихымыз, ата-бабаларымыз осындай көліктерге мінген. Сол кезде шетелдік машинаң болса, прокуратура ұстап, тартып алатын. Сол себепті бәрі отандық көлікпен жүретін. Біз Кеңес Одағының автокөліктеріне маманданамыз. Дегенмен, Кеңес Одағының барлық көліктері - түрлі шетел автомобильдерінің көшірмесі. Халық үшін еуропалық үлгілерден, ал билік басындағыларға американдық үлгілерден көшіріп жасайтын. Біз сол түпнұсқаларын да сатып алуға тырысамыз.  

Мұражайдың мақтан тұтатын әрі ең бағалы экспонаты - Горький зауыты 1933 жылы шығарған тұңғыш пикап. Әлем бойынша осындай тек 5 көлік қалды. Төртеуі Ресей мұражайларында, ал біреуі Тбилисиде тұр. Сондай-ақ, осы көлікке түпнұсқа болған 1928-жылы шыққан Форд бар. Ол АҚШ-тағы аукционда сатып алынды. Мұнда Эдуард Шеварнадзе секілді тарихи тұлғалар иеленген көліктерді де көруге болады. Мәселен мынау қара түсті көлікпен Лаврентий Берия жүрген екен. 

Реваз Чеишвили, көлік мұражайының директоры:

- Біздің көліктерді туристік фирмалар, киностудиялар жиі жалға алады. Тойларға да шығады. Бір қызығы, тойларға қатысты біз арнайы есеп жүргіземіз. Нәтижесінде бірде бір жұп ажыраспағанын анықтадық. Сондықтан көліктеріміз береке, құт әкеледі деп айтуға болады. 

Мұражайдағы көне фордтардың бірі әйгілі «Бонни және Клайд» фильмін түсіру кезінде қолданылды. Оған атылған оқтардың тесіктері жамалып, толық қалпына келтірілген. Айта кетер жайт, мұндағы көліктердің түгелі жүріп тұр және жиі ретро-шерулерге қатысады.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы