432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлин кинофестивалінің бас жүлдесін ирандық режиссер жеңіп алды

  • 124
  • UPD: 18:20, 01.03.2020

Германияда халықаралық Берлин кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды. Биыл «Алтын аю» бас жүлдесін ирандық режиссер Мохаммад Расулофтың «Зла не существует» фильмі иеленді.

Ал үздік актриса атағы Паула Берге берілсе, үздік актер Элио Джермано деп танылды. Өз кезегінде «Женщина, которая убежала» фильмімен келген кореялық Хон Сан Су үздік режиссура үшін «Күміс аю» жүлдесін жеңіп алды. Ал әділқазылардың шешімімен Гран-при жүлдесі Элиза Хиттманның «Никогда, редко, иногда, всегда» туындысына бұйырды.

Айта кетейік, осымен 70-рет ұйымдастырылған Берлинале фестивалінде жалпы саны 340 кинотуынды көрсетілді. Олардың арасында деректі фильмдер, балаларға арналған шығармалар мен дыбыссыз кино болды. 

Баран Расулоф, режиссер Мохаммад Расулофтың қызы:

- Көп рақмет! Осы жүлдені алғаныма өте қуаныштымын. Бірақ сыйлықты киноны түсірген режиссердің өзі ала алмағаны өкінішті. Түсірілім тобы атынан жеңіс сол кісінікі деп айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы