443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хорхе» дауылы Ирландияға қауіп төндірді

  • 161
  • UPD: 08:53, 02.03.2020
«Хорхе» дауылы Ирландияға қауіп төндірді Euronews

Британия аралдарында тағы да дауыл соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Хорхе» деп аталатын дауыл бұл жолы Ирландияның батыс жағалауында мінез танытты. Жалпы, синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері аймақта толассыз жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Мамандар сөзінше, оның жылдамдығы сағатына 112 шақырымға жетуі мүмкін.

Айта кетейік, жуырда ғана Ұлыбритания жағалауына «Киара» мен «Деннис» дауылы соққан еді. Салдарынан жүздеген үйді су басып, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы