427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германиялық фирмалар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды

  • 341
Германиялық фирмалар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды

Германияда коронавирусқа байланысты бірнеше мектеп пен балабақша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір фирмалар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда карантинге алынған қызметкерлерге жалақысы толық мөлшерде төленеді. Бұл ереже алты апта мерзімге қолданылады, ал карантин ұзақ созылса, қызметкер еңбекке жарамсыздық парақшасын ашуға тиіс. Германия қаржы министрі Петер Альтмайер кәсіпкерлерге де көмек көрсетуге уәде берді. Коронавирусқа байланысты фирма шығынға ұшыраса, иесі мемлекеттен өтемақы сұрай алады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Германияда бұл дертті жұқтырғандардың саны 260 адамға дейін артты. Ең көп науқас Солтүстік-Рейн Вестфалия өңірінде тіркелді. Мұнда вирусты 129 адам жұқтырған.

Лотар Вилер Роберт, КОХ атындағы институттің президенті:

- Германиядағы жағдай үнемі өзгеріп тұр. Вирус аймақтарға тарап келеді. Науқастардың ең көп саны Солтүстік-Рейн Вестфалия, Бавария және Баден-Вюртемберг өңірлерінде тіркелген. Көбісінде біз ауру жұққан орынды дәл анықтадық. Бұл індеттің таралуын бақылау үшін маңызды. Екі жағдайда вирус Қытайда, ал алтауына Иранда және 18-іне Италияда жұққан. 78 адам бұл дертті елдің батысында таратты.

Хабар 24 телеарнасы