445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майя үнділері салған көне жол табылды

  • 160
  • UPD: 14:59, 06.03.2020
Майя үнділері салған көне жол табылды

Ғалымдар Орталық Америкадағы Юкатан түбегінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ежелгі жолды тапты.

Оны майя үнділері 1000 жыл бұрын салған болуы мүмкін, деп жазды Live Science.

Жол шамамен 680 жылы салынған.

«К’авиил Аджо патша Коба қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Яксун қаласын бақылау үшін жол салуды тапсырған деп ойлаймыз», - дейді ғалымдар.

Зерттеушілер ежелгі жол құрылысшылардың жолды көтеріп, оны әктаспен нығайтқанын анықтады. Оны тұтқындар салуы әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы