432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда екі мыңнан астам тасбақа тәркіленді

  • 731
  • UPD: 08:57, 10.03.2020
Колумбияда екі мыңнан астам тасбақа тәркіленді

Колумбияда тасбақа контрабандасы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Амасонас департаментінде болған. Мұнда әуежайдағы тексеру кезінде қызметтік иттер 2 мыңнан аса тасбақаның баласын тауып алған. Қаскөйлер оларды сусыз, кәдімгі пакеттің ішіне салып өтпек болған. Салдарынан 150 бауырымен жорғалаушы өліп қалған. Қалғандарының көбінің жағдайы нашар болған екен. Полицейлер тәркіленген партияның қара нарықтағы құнын 250 мың долларға бағалап отыр.

Хорхе Родригес, полиция қызметкері:

- Белгілі болғандай, бұл тасбақалар Оринокия өңірінен әкелінген. Қаскөйлер оларды АҚШ пен Жапонияға жеткізбек болған. Онда әр тасбақа шамамен 500 долларға сатылады.

Хабар 24 телеарнасы