Бүгін, 12 наурызда, Грекияда Токиода өтетін Олимпиада ойындарының алауы жағылды.
Оған Грекия президенті Прокопис Павлопулос, Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, сондай-ақ «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Грекиядағы эстафета бір аптаға жалғасады. Содан кейін 19 наурыз күні алау Олимпиада-2020 ұйымдастырушыларына тапсырылады.