432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лас-Вегастағы казинолар жабылуда

  • 417
  • UPD: 09:30, 18.03.2020
Лас-Вегастағы казинолар жабылуда Газета.ру

Коронавирустың таралуына байланысты АҚШ-тың Невада штатындағы барлық ойын-сауық мекемелері, оның ішінде Лас-Вегастағы казинолар да жабылады.

Бұл туралы штат губернаторы Стив Сисолак мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Губернатор мұндай қадамға пандемияны тоқтату үшін барып отырғандарын айтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирустың COVID-19 түрінің таралуына байланысты пандемия жариялаған болатын. Қазіргі уақытта әлемнің 150 елінде 179 мыңнан астам осы індетті жұқтырғаны белгілі. Дерттен жазылып жатқандар да көп, ал көз жұмғандар саны 7 мың 400-ден асты.

Хабар 24 телеарнасы