432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа байланысты әлемнің әрбір төртінші тұрғыны карантинде

  • 115
  • UPD: 21:52, 26.03.2020
Коронавирусқа байланысты әлемнің әрбір төртінші тұрғыны карантинде

Жыл басында пайда болған коронавирус күн өткен сайын жаһанды жайлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде қатерлі вирусты әлем бойынша 490 мыңдай адам жұқтырған. 22 мыңнан аса азамат қайтыс болды. Джонс Хопкинс университеті келтірген дерек осындай. Қауіпті індет Қытайда басталғанымен, одан көз жұмғандар санынан қазір Италия әлем бойынша бірінші тұр. Бұл елде 7,5 мыңнан аса адам бақилық болған. Одан кейін Испания. Аталған мемлекетте 4 мыңнан аса қаза тапқан. Дей тұрғанмен, кеселді жеңіп шыққандар да аз емес. Осы уақытқа дейін дүниежүзі бойынша 118 мыңдай азамат аурудан құлан таза айыққан. Жалпы індеттің кеңінен етек жаюына байланысты қазіргі уақытта 7 миллиард халықтың төрттен бірі карантинге алынған. Көптеген елдерде төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілген. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азаматтарды карантин талаптарын бұлжытпай орындауға шақырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы