399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде 700 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

  • 209
  • UPD: 10:02, 30.03.2020
Әлемде 700 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Дүние жүзін дүрбелеңге салған COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бүгінде әлем бойынша 700 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал инфекция құрбандарының саны 35 мыңға таяды. Індет ошағы – Қытайда науқастар мен көз жұмғандар саны тоқтаса, керісінше, АҚШ-та жағдай өршіп тұр. Елде науқастар саны 140 мыңнан асқан. Бұған қоса, 2 жарым мыңдай азамат кесел кесірінен көз жұмды. Оның 670-і Нью-Йоркте қайтыс болған. Індеттің кеңінен етек жаюына байланысты ел президенті Дональд Трамп карантин мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты. Сондықтан, тұрғындар сыртқа шықпай үйде қалуға мәжбүр. Карантинге байланысты кәсіпорындар мен сауда орталықтары да жұмысын тоқтатқан. Қазір бүкіл ел бойынша тұрғындарды ауру белгілеріне тексеру жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы