399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда бір тәулікте қауіпті вирустан 756 адам көз жұмды

  • 672
  • UPD: 09:51, 30.03.2020
Италияда бір тәулікте қауіпті вирустан 756 адам көз жұмды

Италияда соңғы бір тәулікте коронавирустен 756 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша кеселден көз жұмғандардың саны бұл елде 11 мыңға жақындады. Ал вирус жұқтырғандар 100 мың шамасында. Өз кезегінде бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін дейді. Себебі ел аумағында әлі де диагнозы расталмаған мыңдаған науқас бар деген болжам айтылуда. Айта кетейік, қазір ел билігі вирустың таралуын тежеуге қауқарсыз болып отыр. Науқастардың көптігі соншалық аймақта дәрігерлер мен медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді. Бұған қоса, мәйітханалар мен крематорийлерде орын жоқ. Қазір бүкіл ел бойынша тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салынған. Ережені елемегендер 3 мың еуроға дейін айыппұл төлейді. Осыған байланысты жергілікті полицейлер тәртіп сақталуын тікұшақпен бақылауға көшті.

 

Хабар 24 телеарнасы