411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда дезинфекция үшін түрлі техника жұмылдырылып жатыр

  • 157
  • UPD: 08:19, 07.04.2020
Үндістанда дезинфекция үшін түрлі техника жұмылдырылып жатыр

Үндістанның батысында орналасқан Ахмедабад қаласында көшелерді залалсыздандыру үшін ауылшаруашылығы техникалары жұмылдырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі алқаптарды суаруға арналған техникамен қала көшелері мен қоғамдық орындарды дезинфекциялап жатыр. Мұндай әрбір машинаға залалсыздандыру ұнтақ араласқан 600 литр су сияды. Алайда бұл шараларға қарамастан, елде коронавирусты жұқтырғандар саны азаяр емес. Бүгінге дейін 4 жарым мыңға жуық адам індет жұқтырып, қайтыс болғандар саны 100-ден асты.

Дастур, өрт сөндіру қызметінің директоры:

– Бұл техника өте ыңғайлы. Себебі ені 9 метр аумақты дезинфекциялай алады. Машина әдеттегі гидравликалық жүйемен басқарылады. Осылайша, ішіндегі дезинфекциялық сұйықтықтың мөлшерін де бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы