431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте қалың қар жауды

  • 384
  • UPD: 20:33, 09.04.2020
Бішкекте қалың қар жауды

Осының салдарынан ондаған ағаш құлап, көшеде тұрған автокөліктерге зақым тиді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Электр желілері де үзілген. Осыдан бірнеше күн бұрын қалада ауа райы 20 градусқа дейін жылып, ағаштар гүлдей бастаған еді. Ылғал қардың салмағына шыдамағандары сынып, көшедегі автөкөліктерге де құлаған.

Эсенгул уулу Замирбек, қалалық көгалдандыру кәсіпорнының қызметкері:

– Бүгін жиырмаға жуық ағаш құлады. Бұл негізінен қарағаш және үйеңкі. Қалың қар жауғандықтан талдар салмағына шыдамай, құлап жатыр. Халық біздің орталыққа хабарласып жатыр. Мүмкіндігінше бәрін бүгін тазартуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы