423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иорданиялық спортшы олимпиада ойындарына үйде дайындалып жатыр

  • 347
  • UPD: 11:39, 14.04.2020

Олимпиада ойындарына дайындықты карантинде де жалғастыруға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иорданиялық дзюдошы Алами Хадил келер жылы өтетін олимпиада ойындарына қатысу үшін жаттығуларын үйде жалғастырып жатыр. Ол спорт залдағы әдеттегі дайындығын үйдегі диванды көтеру, сіңлісін арқалаумен алмастырған. Айта өту керек, 20 жастағы Алами олимпиадиялық іріктеу ойындарына жіберілген жалғыз Иорданиялық әйел. Жалпы бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 350-ге жетті, соған орай спорттық шаралар, соның ішінде олимпиадалық іріктеулер тоқтатылған болатын. Ал осы жылдың шілде айына жоспарланған Токиодағы олимпиада ойындары пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілді.

Алами Хадил , дзюдошы:

– Мен олимпиадалық іріктеулерді асыға күттім. Оның кейінге шегерілгенін естігенде қатты өкіндім. Тіпті, жаттығуларды тоқтатып, өзіме демалыс та алдым. Бірақ кейін ойлана келе жаттығуларды үйде жалғастыруға бел будым. Ол үшін түрлі жаттығулар ойлап таптым. Мысалы, сіңлімді арқалап жаттығуды оған ойын деп түсіндірдім. Сондықтан, мен онымен жаттыққанда, ол бұл ойын екен деп қатты қуанады.

Хабар 24 телеарнасы