Вьетнамда бір ай бұрын енгізілген карантин алынып, шектеу шаралары жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі елде соңғы аптада бірде-бір дертті жұқтыру оқиғасы тіркелмеген. Тыйым алына салысымен кәсіпорындар жұмысын қайта бастап, мейрамханалар мен мектептер ашылған. Аймақ арасында саяхаттауға рұқсат етілген. Дегенмен, кейбір тыйымдар сақталады. Мысалы ойын-сауық және спорттық шараларды өткізуге болмайды. Айта кетейік, Вьтенамда коронавирус таралғалы дертті 268 адам ғана жұқтырған. Олардың басым көбі емделіп шықты.
Нгуен Тхи Туи, дәмхана қожайыны:
- Біз үкімет карантин енгізген кезде дәмханамызды жапқан едік. Бүгін міне, аман-есен кәсібімізді қайта ашып отырмыз. Еліміз қалыпты өміріне қайта оралып бастағанына өте қуаныштымыз.