418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда аялдаған Costa Atlantica лайнерінде коронавирус жұқтырғандар артты

  • 167
  • UPD: 13:30, 24.04.2020
Жапонияда аялдаған Costa Atlantica лайнерінде коронавирус жұқтырғандар артты rg.ru

Жапонияның Нагасаки портына аялдаған Costa Atlantica лайнерінде коронавирус жұқтырғандардың саны 91-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, бұған дейін бұл кемеден 30-дан астам науқастың анықталғаны хабарланған еді. Жалпы Италияда тіркелген осы бір круиздік лайнерде қазір 623 адам бар. Ешқайсысы алғашқы науқас анықталған сәттен бастап кеме бортынан шықпапты.

Айта кетейік, бүгінде Жапония жерінде 13 мыңнан астам науқас тіркелген. 340 азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы