425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғалымдар: Коронавирус пандемиясы 2 жылға созылуы мүмкін

  • 735
  • UPD: 08:11, 02.05.2020
Ғалымдар: Коронавирус пандемиясы 2 жылға созылуы мүмкін

АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары осылай дейді.

Айтуларынша, жер бетіндегі халықтың үштен екісі осы вирусты жұқтырып, одан айығып кетпегенше, індетті бақылауға алу мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ауру белгісі байқалмайтын науқастар кесірінен «КОВИД-19-ды» тізгінде ұстау одан сайын қиындай түспек. Жалпы, мамандардың сөзінше, коронавирустың таралуы әлі де қайталануы ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайға тас-түйін дайын болу керек дейді олар. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай, бүгінде әлемде 3 миллионнан астам науқас тіркелді. Басым бөлігі АҚШ, Испания және Италия елдерінде анықталған.

Хабар 24 телеарнасы