419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропадағы коронавирус: өлім жағдайы рекордтық деңгейде азайды

  • 411
  • UPD: 14:47, 04.05.2020
Еуропадағы коронавирус: өлім жағдайы рекордтық деңгейде азайды

Италия, Франция және Германияда COVID-19-дан көз жұму жағдайы рекордтық деңгейде төмендеді.

Италияның Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте (3 мамыр) 174 адам COVID-19-дың құрбаны болды. Бұл – екі айға жуық уақыт аралығындағы рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын ғана бір тәулікте коронавирустан 474 адам қайтыс болған. Пандемия басталғалы бері Италияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 210 717-ге жетті. Сондай-ақ соңғы тәулікте коронавирустың 1389 жаңа жағдайы тіркелді.

Ал Францияда бір тәулікте (3 мамыр) коронавирустан 135 адам қайтыс болды. Бұл – 22 наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіш. Пандемия басталғалы бұл елде 131 287 адам індет жұқтырған, деп хабарлады segodnya.ua.

Германия да 25 наурыздан бері COVID-19 инфекциясынан болған өлім жағдайларының ең төменгі көрсеткіші тіркелгенін хабарлады. Бұл елде тәулік ішінде коронавирустан 43 адам қайтыс болды, вирус жұқтырған 679 адам тіркелді. Германияда індетті жұқтырғандардың жалпы саны 163 175 адамды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы