418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Делиде алкогольдік ішімдікке 70% салық салынды

  • 211
  • UPD: 14:42, 06.05.2020
Нью-Делиде алкогольдік ішімдікке 70% салық салынды

Нью-Делиде алкогольдік ішімдіктерге 70% салық салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдерінің айтуынша, бұған шарап дүкендері маңында қалыптасқан ұзын-сонар кезек түрткі болған. Бір айлық үзілістен кейін 4 мамыр күні елде ішімдік сататын кәсіп қайта жанданды. Шарап алғысы келетін халық саны күрт артқан. Ішімдіктен түскен қаражат коронавируспен күреске жұмсалмақ. Тіпті жаңа салық «коронаға арналған тариф» деген атау алды.

Айта кетейік, 24 наурыз күні қабылданған оқшаулау режимін Үндістан 25 мамырға дейін созды. Елде 46 мың адам індетті жұқтырса, 1,5 мың науқас кеселден көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы