419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Психологиялық қауіпті ақпараттармен жұмыс істейтін Facebook модераторларына өтемақы беріледі

  • 310
  • UPD: 12:20, 13.05.2020
Психологиялық қауіпті ақпараттармен жұмыс істейтін Facebook модераторларына өтемақы беріледі

Facebook компаниясы ресурсты пайдалану ережелерін бұзатын, психологиялық залал келтіретін ақпараттармен жұмыс істейтін америкалық модераторларға 52 млн доллар төлеуге келісті. Бұл туралы Washington Post хабарлады.

2018 жылы Facebook-те контент модераторы болып жұмыс істеген Селена Скола компанияның психологиялық қауіп төндіретін ақпараттармен жұмыс істейтін қызметкерлерге тиісті қолдау көрсетпейтіні туралы айтып, сотқа жүгінген.

Ол Facebook модераторлары балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық, азаптау, жанұялық қорлық, өзін-өзі өлтіру және тағы басқа жауыздықтарды көрсететін видеоларды қарауға мәжбүр болатынын айтқан.

Washington Post хабарлауынша, сотқа берілген талапқа басқа да модераторлар қосылды. Нәтижесінде Facebook өтемақы төлеуге келісті.

Газет 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Facebook-те жұмыс істеген әр модератордың кем дегенде 1 мың доллар алатынын жазды. Сонымен қатар психологиялық жарақат алу диагнозы бар қызметкерлердің 50 мың долларға дейін өтемақы алуға құқығы бар.

Хабар 24 телеарнасы