410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай АҚШ тарапынан санкция салу туралы заң жобасына қарсылық білдірді

  • 157
  • UPD: 16:03, 13.05.2020
Қытай АҚШ тарапынан санкция салу туралы заң жобасына қарсылық білдірді

Қытай СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь бірқатар АҚШ сенаторының COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы үшін Қытайға санкция салу туралы заң жобасын ұсынуына қатысты қарсылық білдірді.

«АҚШ сенаторлары ұсынып отырған заң жобасы арқылы айғақтарды есепке алмастан тергеу жүргізіп, індетпен күресте жолы болмағанын Қытайға жаба салуды көздеп отыр. Бұл болмайтын нәрсе. Біз бұған өзімізге сенімді түрде қарсылығымызды білдіреміз», - деді Чжао Лицзянь.

Еске сала кетсек, осыған дейін АҚШ сенаторы Линдси Грэм Қытайға коронавирус таратқаны үшін санкция салу туралы заң жобасын қарауға жолдаған еді.

RT

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы