418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

  • 205
  • UPD: 10:10, 14.05.2020
Германияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Германияның Гамбург қаласында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға шаһардың Бергедорф ауданында болған. Қоғамдық көлік белгісіз себептермен вокзалдың әйнектен жасалған қабырғасын тесіп өтіп, эскалатордың үстіне тіреліп тоқтап қалған. Абырой болғанда эскалатор жұмыс істемей тұрғандықтан адам шығыны болған жоқ. Қазір полиция темір тұлпарды басқарған әйел адам неліктен көлікті тоқтата алмағанын анықтап жатыр. Апаттан жүргізуші мен оқиғаға жақын маңда тұрған тағы бір адам зардап шекті. Екіншісіне әйнектің сынығы тиіп жараланған. Зардап шеккендер дәрігерлердің жіті бақылауында.

 

Хабар 24 телеарнасы