405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияның көп бөлігінде төтенше жағдай алынып тасталды

  • 137
  • UPD: 08:51, 15.05.2020
Жапонияның көп бөлігінде төтенше жағдай алынып тасталды

Жапонияда коронавирусты жұқтыру деректері азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан төтенше жағдай режимі елдегі 47 префектураның 39-ында күшін жойды. Десе де, ел астанасы Токио мен Осакада бұл режим әлі сақталады. Жалпы бұл тәртіп сәуірдің басында Күншығыс елінің бірқатар ауданында жарияланған болатын. Кейін ол Жапонияның бүкіл аумағында енгізіліп, қатаң тәртіп 31 мамырға дейін ұзартылды. Соңғы мәлімет бойынша мұнда коронавирусты жұқтырудың 17 мыңға жуық дерегі тіркелді. 710 науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы