429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словения елде індеттің аяқталғанын жариялады

  • 214
  • UPD: 11:04, 15.05.2020
Словения елде індеттің аяқталғанын жариялады

Словения үкіметі елде коронавирустық індеттің аяқталғанын ресми түрде жариялады.

Мұндай шешім соңғы екі апта ішінде күніне жетіден аз жаңа жағдай тіркегеннен кейін қабылданған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Енді Еуроодақтың басқа елдерінен Словенияға келетіндер бұдан былай карантинге алынбайды. 

«Қазіргі уақытта Еуропа елдерінің ішінде Словениядан ең жақсы эпидемиологиялық жағдайды байқауға болады», - деді елдің премьер-министрі Янез Янша.

Соңғы мәліметтер бойынша Словенияда коронавирустың 1464 жағдайы және 103 адам өлімі тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы