470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Трамп: Коронавирусқа қарсы вакцина жасауда алға жылжу бар

  • 612
  • UPD: 11:41, 16.05.2020
Трамп: Коронавирусқа қарсы вакцина жасауда алға жылжу бар

Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы екпені биыл жыл соңына дейін жасап шығаруы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президент Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен Ақ үйде өткен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір мамандар 14 вакцинаны зерттеу үстінде. Және де бұл істе өзге елдермен тығыз байланыс орнаған. Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүізілік денсаулық саласының өкілдері індетке қарсы вакцинаны жасағуа кем дегенде 1 жылдай уақыт кететіндігін айтқан еді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Коронавирусқа қарсы вакцина жасауда алға жылжу бар. Дәрігерлер дертке қарсы екпені жыл соңына дейін немесе одан ерте дайындап шығады деп үміттенемін. Бірақ кей жағдайда індеттің вакцинасыз жойылған кездер болған. Сондықтан бәрі екпеге қатысты деп ойламау керек. Дегенмен вакцина пайда болса керемет болар еді.

Хабар 24 телеарнасы