432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венеция каналдарындағы қайықтар жаңа ережелермен жүретін болды

  • 338
  • UPD: 14:32, 19.05.2020
Венеция каналдарындағы қайықтар жаңа ережелермен жүретін болды

Туристерді Венеция каналдарының бойымен тасымалдауға арналған қайықтар 3 маусымда жұмысын бастайды.

Аталған күннен бастап қала ЕуроОдақ елдерінің туристері үшін ашылады.

Карантин аяқталғаннан кейін де қайықшылар көк және ақ жолақты жейде киіп қана қоймай, міндетті түрде медициналық қолғаптар мен маскалар киетін болады.

Қайықтарда жолаушылар үшін арнайы қашықтыққа сәйкес белгілер пайда болмақ. Сонымен қатар қайыққа алты туристен артық мінгізілмейді. 

Бұрын хабарланғандай, коронавирус салдарынан туризмнің тоқтап қалуы Венеция каналдарының тазалығына оң әсер етті. Сонымен бірге Венеция каналдарында балықтар мен дельфиндер пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы