399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Шулань қаласында карантин талаптары қатаңдатылды

  • 110
  • UPD: 12:39, 20.05.2020

Қытайдың Цзилинь провинциясында коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны 40-қа жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір провинциясының Шулань қаласында карантин талаптары қатаңдатылды. COVID-19 індеті табылған тұрғын үй карантинге жабылды. Шаһарда халықты тексеру үшін қосымша лаборатория орнатылды. Індеттің жаппай таралуына байланысты аймақтағы партком хатшысы мен тағы бірнеше шенеунік қызметінен босатылды. Ал Бейжіңнің өзінде маусым айының басында балабақшалар, мектептердегі бастауыш сынып пен университеттер ашылатын болады. Жуырда Бейжің тұрғындарына сыртта маскасыз жүруге рұқсат берілді. Алайда халық әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Десе де, адамдардың көбі әлі де маскасын шешуге асықпайтын көрінеді. 

Хабар 24 телеарнасы