399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия туристік нысандарды сертификаттау жобасын қолға алды

  • 118
  • UPD: 19:59, 23.05.2020
Түркия туристік нысандарды сертификаттау жобасын қолға алды Kuku Travel

Бұл бағдарлама елдің жағажайлары мен тарихи орындары саяхатшылар үшін қауіпсіз екенін көрсетуді мақсат етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба аясында әуе компаниялары, қонақүйлер, мейрамханалар мен дәмханалар тыңғылықты тексеруден өтіп, ортақ санитарлық талап енгізілмек. Сертификаттау ісін бағалау халықаралық ұйымдарға тапсырылып, ақпарат барлық туроператорларға қолжетімді болмақ. Айта кетейік, Түркия – әлемде саяхатшылар ең көп баратын елдің бірі. Туризмнің ел экономикасындағы үлесі – 12 процент. Бірақ зерттеуге қарағанда індеттің кесірінен өткен айда шетелдік саяхатшылардың саны 99 процентке қысқарған.

Мехмет Нури Ерсой, Түркия туризм министрі:

– Туристік нысандарды сертификаттау бағдарламасы ашық түрде болады. Оған қатысты барлық талапты жарияладық. Шара келесі аптадан бастап жүзеге асырылады. Жұмысын бастаған қонақ үйлерді тезірек тексеру көзделген.

Хабар 24 телеарнасы