405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемияның адам психологиясына әсері – мамандар не дейді

  • 158
  • UPD: 23:10, 24.05.2020

Коронавирус жүйкеге салмақ салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израилдік психиатрлар осылай дейді. Экономикалық қиындықтар, жұмысқа шықпау, болашаққа алаңдау - мұның бәрі әркімге оңай тимесі анық. Сондықтан мамандар індеттен құтылғанның өзінде психологиялық мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін айтады. 

Вирусологтар мен эпидемиологтар індетпен арпалысып жүргенде, медицина саласының өзге мамандары коронавирус пандемиясының жаңа салдарына дайындалып жатыр. Психологтар мен психиатрлар пандемияға байланысты жүйке ауруларының өршуін күтіп отыр.

Михаил Красноштейн, психиатр:

– Адамзат бұдан да ауыр апаттар мен індеттерді бастан кешкен. Қырғын соғыстар және оба мен испан тұмауы індеттері болғанын тарихтан білеміз. Алайда бүкіл халықтың мұндай жағдайға тап болуы бұрын-соңды болмаған.

Індет туралы тым көп ақпарат таралып жүр. Бұл біраз адамның жүйкесіне кері әсерін тигізді. Ресми және ірі ақпарат құралдары деректерді тексеріп, жалған мәлімет бермеуге тырысса, әлеуметтік желілер қауесет пен өсекке толып кетті.

Михаил Красноштейн, психиатр:

– Осы ақпарат қар көшкініндей ағылып, жұрттың әбден зәресін ұшырды. Кейбір сәтте вирус туралы мәліметтер емес, күнделікті ақпараттар легі халық арасында үрей тудыратын факторға айналды.

Әр мемлекет мұның салдарына дайындалуы керек. Мамандардың айтуынша, жұмысы мен кәсібінен айырылуына байланысты адамдардың сары уайымға салынуы жиелеп кетеді. Үкімет мәселесін шешкендіктен, халықтың бұған бойы үйренген. Ал енді қалыпты тұрмысына бірден оралу бәрінің қолынан келмейді. Сондай-ақ ауруы асқынған науқастар да қиналатыны анық.

Юрий Ранков, Тель-Авив бірінші медициналық орталығы медицина департаментінің директоры:

– Жан сақтау бөліміне түскен науқастардың жүйкесі ұзақ уақыт қалпына келе алмайды. Оларға психиатрдың көмегі қажет болады. Бұл синдром екі жылға дейін созылуы мүмкін.

Израиль мамандары осындай жағдайға алдын ала дайын болу керек дейді. Дер кезінде көмек берілсе, көбісі қиналмай сауығып кетеді. 

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы